Жайық өзенінің қауіпті участкілеріне бон орнатылды
Атырау қаласында Жайық өзенінің қауіпті участкілеріне бон орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
17 мамырда сағат 10:30-дағы ақпарат бойынша Атырау қаласында Жайық өзенінің су деңгейі 560 см құрайды (қауіпті деңгей – 550 см).
Су басу қаупінің алдын алу мақсатында, қала аумағында 250 шақырымда жаға бекіту жұмыстары ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта Жайық өзенің қауіпсіз өткізу мақсатында мониторинг жүргізілуде.
Сонымен қатар, мұнайгаз компаниясының техникалары мен жүзу құралдары жұмылдырылып, мұнай төгілген кезде жинауға пайдаланатын теңіздің бөгегіш бондары Жайық өзенінің жағасына жақын орнатылды. Қазіргі кезде Атырау қаласы аумағындағы қауіпті учаскелерде 5115 м қашықтықта бондар қойылды. Аталған жұмыстарға Атырау облысы ТЖД, мұнайгаз компаниясының 50 адам және 3 бірлік қайық жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жыл басынан бері 196 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды
Келесі жаңалық
Жұмаға арналған валюта бағамы
Өзгелердің жаңалығы