Жайық өзеніне 340 мыңнан аса балық шабағы жіберілді

340 мыңнан аса балық шабағы құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Атырау қаласындағы «Маломокрый» арнасынан 154 мың 600 дана балық шабақтары құтқарылды.

ҚР АШМ БШК Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жергілікті атқарушы органдармен, 5546 әскери бөлім сарбаздары және балық шаруашылығы субъектілеріқызметкерлерімен бірлесіп құтқару операциясын атқарды.

Сондай-ақ «Соколок» арнасынан 186 мың дана балық шабақтары құтқарылып, Жайық өзеніне тірі күйінде жіберілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: АШМ ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы