Жайық өзеніндегі су деңгейі қандай

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 2 мамырдағы Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте 2024 жылғы 2 мамырда сағат 8-дегі жағдай:

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 750 см., деңгейдің +32 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 527 см.

Жайық өзені-Махамбет кенті 795 см деңгейінде, тәулігіне + 16см деңгейдің көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 478 см.

Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 459 см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі + 8см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 268 см.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

2 мамырда Иректі су қоймасынан ағызу 141 м3/с.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Өзгелердің жаңалығы