Жайық өзеніндегі су деңгейі қандай

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы 23 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 23 сәуір сағат 8-дегі жағдай:

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі деңгейі 587 см., деңгейдің +5 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 364 см.

Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы деңгейі 710 см., деңгейдің + 4 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 393 см.

Жайық өзені-Атырау қ. гидропостындағы деңгейі 418 см., тәулігіне + 6 см. деңгейдің көтерілуі су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 227 см.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

23 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 252 м3/с, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы