7 Мамыр 2024 2024, 21:45 Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп келеді

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша жедел мәліметті ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша жедел мәліметті ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жайық өзеніндегі су деңгейінің 7 мамыр сағат 20.00-ге өзгеруі (8.00-мен салыстырғанда) төмендегідей:

  • Индербор ауылы + 17 см, су деңгейі - 939 см, шекті деңгейі - 845 см;
  • Махамбет ауылы + 8 см, су деңгейі - 886 см, шекті деңгейі - 850 см;
  • Атырау қаласы + 5 см, су деңгейі - 510 см, шекті деңгейі - 550 см;
  • Жаңаталап ауылы + 2 см, су деңгейі-365 см, шекті деңгейі - 500 см;
  • Еркінқала ауылы + 2 см, су деңгейі - 325 см, шекті деңгейі - 450 см.

Сондай-ақ облыстық жедел штаб Атырауда Жайық жағасына тәулік бойына кезекшілік қойылғанын айтты.

Атырау қаласында су деңгейінің күннен күнге көтерілуіне байланысты Жайық тұсындағы елді мекендердің жағалауына кезекшілік қойылды. 4-мамырдан бастап, жағада тәулік бойына кезекшілік қойылды. Кезекшілердің міндеті су деңгейін бақылап, хабардар ету және бөгеттің жағдайын да назардан тыс қалдырмау керек. Кезекші құрамға керекті арнайы техника, етік, фонарик берілді, - деді 26 -30 учаскелер координаторы Әбіл Тауфихұлы.

26,27,28,29,30 участокте кезекшіліктің бір құрамы 08:00-20:00 сағат аралығында, екінші құрамы түнгі ауысымға, яғни, 20:00-08:00 аралығында арнайы жасақталған кесте бойынша тұрады.