Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр

Төтенше жағдайлар министрлігі Жайық өзеніндегі су деңгейі бойынша кейінгі мәліметті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамыр сағат 09:00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:

  • Атырау – 538 см. Тәулігіне + 5 см;
  • Индербор ауданы – 1033 см. Тәулігіне +7 см;
  • Махамбет ауданы – 955 см. Тәулігіне +16 см.

Жайық – Индербор және Жайық – Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түсті. Одан әрі көбеюі мүмкін.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тәулік бойы қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізіп жатыр. Ведомство басшысы Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы