Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр

Атырауда Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Гидрологиялық мониторинг деректері бойынша, өткен тәулікте 2024 жылғы 9 сәуірдегі таңғы сағат 8.00 жағдай бойынша:
- Индербор кентіндегі гидропостта БҚО тарапынан судың келуі есебінен cу деңгейі 33 см биіктікте көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 216 см.
- Махамбет кентінде су деңгейі 60 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері судың жалпы көтерілу деңгейі 178 см.
- Атырауда 30 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 58 см. 

9 сәуірде Иректі су қоймасынан ағызылған су көлем 1670 м3 / с , - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы