Жайық өзенінде қауіпсіздік шарасы күшейтілді
Атырау облыстық төтенше жағдайлар қызметі Жайық өзені үстінде бақылауды күшейтті, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
Биыл Жайықта мұз жұқа, кей жерлерде қатпаған. Соған қарамастан әуесқой балықшылар мен жаяу жүргіншілер мұз бетіне шығвп, балық аулауға кірісіп кеткен. Былтыр облыста 4 оқыс оқиға тіркеліп, 1 адам көлігімен суға батып кетті.
Мұздың қалыңдығы 25 см-ге жетпеген жағдайда өздерімен бірге құтқару құралдарын алып жүру: ол құтқару кеудешесі, ысқырық, ұзындығы 12 метрді құрайтын жіп және де су өткізбейтін пакетке салынған ұялы телефон. Қараңғы уақытта мүлде мұз үстіне шығуға болмайды. Ол барлығына балықшыларға да, жаяу жүргіншілерге де қатысты, - дейді облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Ардақ Өтенов.
Жайық өзені бойында осындай мұзы жұқа немесе мүлде қатпайтын 10-15 учаске бар. Мамандар осы жерлерді үнемі бақылауда ұстайды. Жайық өзенінде қысқы балық аулау маусымының басталғанына 10 күндей уақыт өтті. Әзірге оқыс оқиға тіркелмепті. Сондықтан төтеншеліктер мамандары балықшыларға ескерту берумен шектеліп жүр.