8 Тамыз 2026, 12:14
Фото: istockphoto.com
Жайық өзенінде батып бара жатқан адам құтқарылды
Оралда тыйым салынған жерде суға түскен ер адамды құтқарушылар судан аман алып шықты.
112 пультіне Жайық өзенінде адамның батып бара жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға Орал қаласындағы «Металлист» ауданында болған.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, 1991 жылы туған ер адамды судан алып шықты. Ол жағаға жеткізілді. Медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
Белгілі болғандай, ер адам суға түсуге арналмаған, «Суға түсуге тыйым салынады» деген ескерту белгісі орнатылған жерде шомылған.
Белгіленген талаптарды бұзғаны үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.