Жайылым мәселесі шешіледі: Тоқаев жер беру тәсілін өзгертуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Жолдауында жерді беру тәсілін өзгерту қажеттігін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жер иесіз қалмауы керек. Жерді оның қадірін білетін азаматтарға ғана беру қажет. 2022 жылдан бері жалпы аумағы 13,5 млн гектардан астам жер қайтарылды. Бірақ әкімдер соның 6 млн гектарын ғана жаңа жер игерушілерге бөліп берген. Иесін тапқан жер өндірістің ошағына, инвестиция көзіне, қайнаған еңбектің ортасына айналуы қажет. Бұл анық нәрсе, - деді Президент.

Тоқаев әкімдерге қайтарылған жердің бәрін келесі жылдың ортасына дейін тұрақты айналымға енгізуді тапсырды.

Бұл шара арқылы жайылым тапшылығы мәселесі де шешілуге тиіс. Жер қатынастарына қатысты заңсыздық пен қағазбастылықты жою қажет. Сол үшін ауыл шаруашылығы жерін беру тәсілін түбегейлі өзгерту керек. Осыған орай жерді бөлуге қатысты шешім цифрлық форматта, электронды конкурстар арқылы қабылдануға тиіс. Үкімет жыл соңына дейін заңнамаға тиісті өзгертулер ұсынуы қажет, - деп тапсырды Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы