Бүгін Балқашта жайсыз метеожағдай қалыптасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 14 қаңтар күні Қазақстанның бір қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Балқаш қаласында жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы