Жәйрем кентінде полиметалл кенін қайта өңдеу фабрикасы салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жәйрем кентінде полиметалл кендерін қайта өңдеу фабрикасының құрылысы жалғасуда. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жобаны 2021 жылдың екінші тоқсанында аяқтау жоспарлануда. Кәсіпорын ең жаңа еуропалық жабдықтармен жарақтандырылатын болады. Қазіргі уақытта құрылыста білікті шетелдік мамандар жұмыс істейді.
Фабриканың қуаттылығы жылына 5 млн тоннаға дейін кенді құрайды. Жаңа өндіріске қосымша оқудан өтетін 300 адам жұмысқа орналасады.
Қазіргі уақытта біз іске қосу-жөндеу жұмыстары сатысына аяқ бастық. Біз Қазақстаннан және шетелден мамандарды белсенді түрде тартамыз. Қорғасын және мырыш концентратының екі түрі - қорғасын және мырыш шығару арқылы қорғасын мырыш кенін қайта өңдеуді жүзеге асыратын боламыз, - деді «Жәйрем КБК» АҚ басқарма төрағасы Сергей Бартош.
Айта кету керек, Жәйремнің қала құраушы кәсіпорны қорғасын-мырыш концентраттарын негізгі экспорттаушы.
Жәйрем тау-кен байыту комбинаты жыл сайын облыс әкімдігімен меморандумға қол қояды. Осының арқасында әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы мен реконструкциясы жүріп жатыр.
Меморандум бойынша барлық міндеттемелер орындалуда. Биыл балаларға арналған спорт және ойын алаңдары салынды. Бұл жұмыс жалғастырылатын болады. Келесі жылы да 700 млн теңгеге меморандумға қол қойылады, - дейді Жәйрем кентінің әкімі Аманқазы Наукенов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда «Парасаттылық орталығы» ашылды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы