«Жайлы қалалық орта»: Астанада тазалыққа үндейтін жоба басталды

Астанада «Жайлы қалалық орта» жобасы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматы ауданында өткен іс-шараға партияның Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек, сондай-ақ мәслихат депутаттары, партия және қоғам белсенділері мен тұрғындар қатысты.

«AMANAT партиясының Астана қалалық филиалы жанынан «Жайлы қалалық орта» жобасын бастап отырмыз. Жобаның мақсаты – аула тұрғындары арасында экомәдениетті қалыптастыру. Бүгінгі іс-шараға тұрғындар бала-шағасымен келіп отыр. Осылайша ата-аналар балаларына да қоршаған ортаны ластамай, таза ұстауға тәрбиелейді» - деді AMANAT партиясының Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.

Аталмыш жоба тазалық мәдениетін қалыптастыруды насихаттайды.

«Жайлы қалалық орта» жобасы аясында мұнда аулаларды тазалау, орындықтарды сырлау, балалар ойын лааңдарынының тозығы жеткен жерлерін жөндеу, жыртылған төсеніштерін жамау жұмыстары жүргізіледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара әр бейсенбі сайын тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы аясында қаланы санитарлық тазарту, нөсер және арық кәріздерін тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы