Жайлы мектептерді дамыту бойынша семинарға 1500-ге жуық педагог қатысты

Елімізде заманауи жайлы мектептер үшін педагогтердің жаңа лебін даярлау жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығына сілтеме жасап.

Жайлы мектептің педагогикалық ұжымы: ынтымақтастық, даму және қолдау" тақырыбында өткен бірінші семинар-тренингке Шымкент қаласы, Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарынан жайлы мектептерде жұмыс жасайтын 1500-ге жуық педагог қатысты.

Оқыту - қолайлы білім беру ортасын құруға және жаңа ұжымдарды қалыптастыру процестерінің тиімділігін арттыруға ықпал ететін жайлы мектептердегі басшылар мен педагогтер арасындағы тиімді тұлғааралық коммуникацияларды дамытуға бағытталған. Оның аясында педагогтер қазіргі стереотиптерге талдау жүргізді, командалық өзара іс – қимылды оңтайландырудың негізгі бағыттарын анықтады және кәсіби міндеттерді шешуге өздерінің қатысу деңгейін арттырды, - деп атап өтті "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының төрағасы Айдана Шилибекова.

Сонымен қатар семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берілді. Мұндай тәжірибе басқа өңірлерде де жалғасатын болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Өзгелердің жаңалығы