Жайлы мектеп: ШҚО-да 3 мектеп салынады

Глубокое ауданына қарасты Белоусовка, Опытное поле және Прапорщиково елді мекендерінде заманауи білім ордасы бой көтереді, деп хабарлайды BAQ.KZ Altaynews -ке сілтеме жасап.

Қазір өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 7 мектеп салынып жатыр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Глубокое ауданының әкімі Эльдар Тумашинов айтты.

Қазіргі уақытта Белоусовка және Опытное поле елді мекендерінде 300 орындық екі мектептің құрылысы басталып кеткен. Келесі жылы пайдалануға беріледі. Ал Прапорщиково ауылындағы білім ордасының құрылысы келер жылы басталып, 2025 жылы пайдалануға берілмек.

Жергілікті кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының көмегімен 38,4 млн теңгеге сегіз мектепке жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сондай-ақ қазір 11 білім беру нысанында ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталғанын да айта кету керек. Яғни, мектептер мен балабақшалардың шатыры ауыстырылып, кабениеттер жаңартылды, - дейді Эльдар Тумашинов.

Аудан әкімінің айтуынша, бүгінде өңірде халық саны артқандықтан мектеп жетіспеушілігі байқалып отырған көрінеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы