Жайлы мектеп. Құрылысты уақытылы орындамаған мердігермен келісім бұзылады

Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы және «Объектілерді салу компаниясы» КҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы Мәулен Айманбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол көпшілікті SK Construction жайлы мектептердің құрылысын уақытылы аяқтай ала ма деген сауал қызықтыратынын атап өтті.

Мәулен Айманбетовтің сөзінше, басқарма мектептердің уақытылы салынуын қамтамасыз ету үшін мердігерлерге қатаң шарт қойып отыр. Олардан жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу кестесін және жұмыстарды жүргізу кестесін қатаң сақтауды талап етеді.

Егер мердігер көрсетілген кестелерді орындау мерзімдерін бірнеше рет 7 күнтізбелік күннен артық бұзса немесе жұмысты біздің келісімімізсіз 7 күнтізбелік күннен астам мерзімге тоқтатса, біз шартты біржақты тәртіппен бұзуға және қойылған міндетті мерзімінде орындауға дайын басқа мердігерді тартуға толық құқығымыз бар. Біз үшін жайлы мектептер құрылысының уақытылы жүргізілуі маңызды, - деп айтты ол.

Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы атап өткендей, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасының ел болашағы үшін маңыздылығын толық ескере отырып, әрбір балаға лайықты оқу жағдайын қамтамасыз етуге тырысады. Сондықтан ол мердігерлер жұмысқа асқан жауапкершілікпен қарайтынына сенім білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы