15 Қазан 2019 2019, 17:37
Алматыда жаяу жүргінші көлік қағып өлтірді
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда тапа-тал түсте жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді.
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда тапа-тал түсте жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Қайғылы жағдаймен аяқталған жол-көлік апаты Әл-Фараби даңғылының Сейфуллин даңғылымен қиылысатын аумағында болған.
"Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жаяу жүргіншінің жеке тұлғасы анықталуда. Өкінішке қарай ол сол жерде қаза тапты", - деді Алматы ПД-нің баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Әл-Фараби даңғылындағы жылдамдық Бақытжан Сағынтаевтың үкімімен 60-тан 80-ге ауыстырылған болатын.