"Жаужүрек полк" акциясы онлайн форматта өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада соғысқа қатысқандарды еске алу үшін онлайн форматта "Жаужүрек полк" акциясы өтеді.
Нұр-Сұлтан әкімдігінің ақпаратынша, акция "Жаужүрек полк" бірыңғай ақпарат платформасында, әлеуметтік желідегі парақшаларда өткізіледі.
Мұнда акцияға қатысушылар туралы бірыңғай деректер, сондай-ақ қазақстандық қатысушылар мен соғыс ардагерлері туралы мұрағаттағы ақпарат пен тарихи анықтамалар жүктеледі. Платформада өз туысы туралы ақпарат пен дерек қалдыруға болады. Ол ақпарат келер жылдары да пайдаланылады, - деп хабарлады қала әкімдігі.
Айта кетері, биыл Жеңіс күніне орай елордада отшашу болмайды. Ал қалада "Жеңіс лентасы"/"Ленточка Победы" логотипімен Ұлы Отан соғысына қатысқандардың фотосы ілінеді.
Бұған дейін Қазақстанның қорғаныс министрлігі биыл қаржыны үнемдеу мақсатында Қарулы күштерінің 30 жылдығы және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери шеру өткізілмейтінін хабарлады.