"Жаужүрек мың бала" фильмінің жұлдызы сәбилі болды

"Жаужүрек мың бала" фильмінде басты рөлді сомдаған актер Асылхан Төлепов қызды болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Актер өзінің Instagram-дағы парақшасында сүйінші хабарын жеткізді.

Сүйіншііі! @ai__sulu Рахмет, Жаным! Кесте тігер ханшайымымыз дүниеге келдіііі. Аллаға шүкір! Қуаныш қуанышқа ұлассын! Жұғысты болсын, - деп жазды Төлепов.

Айта кетейік, "Өнер Барысы" турнирінің 3 дүркін жеңімпазы , "Театр Барысы" турнирінің авторы , Театр және Кино актеры Асылхан Төлепов пен оның жұбайы Айсұлу екеуінің ұлы бар. Осы қызына дейінгі перзенті шетінеп кеткен болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/assylkhantolepov
Өзгелердің жаңалығы