Маңғыстау облысында жауынгерлік авиацияның қатысуымен оқу-жаттығулар өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында әскери ұшақтардың қатысуымен барлау бөлімшелерінің арнайы тактикалық жаттығулары өткізілуде. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Оқуға барлығы 500 әскери қызметші мен 50 бірлік жауынгерлік техника жұмылдырылды. 


Мұндай тактикалық және арнайы жаттығулар оқу бөлімінің негізгі және барынша тиімді түрі болып саналады.



"Жеке құрам жауынгерлік дайындықтың жоғарғы деңгейіне келтірілді, әскери қызметшілер өздері әскери полигон аймағына марш жасап, барлау-әздестіру іс-қимылдарына кірісті. Ауа райының қолайсыздығы оқуға қиындық туғызды. Полигон аймағында шаңның және ауа температурасының 44 градусқа дейін көтерілуі байқалды", - делінген хабарламада.


Басқарманың мәліметінше, оқу-жаттығу барысында барлау бөлімшелерінің арнайы күштеріне Әуе қорғанысы күштерінің көп мақсатты Ми-8 тікұшақтары әуеден қолдау көрсетуді, ал жерден минометтер атыс қолдаудын қамтамасыз етсе, «Град» дүркін атыстың зымыран жүйелері мен «Батыс» өңірлік қолбасшылығының гаубицалары жүзеге асырды.



Барлаушылар жауынгерлік міндеттерді орындауға барынша дайын екендерін көрсетті.




Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты өзінің тікелей міндеттерін орындау бойынша жеке құрамның әзірлігін тексеру. Барлаушылар алған теориялық білімдерін, машықтары мен ептіліктерін іс жүзінде нақтылайды. 




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы