Жауынгерлер арасындағы чемпионат жеңімпаздары марапатталды

Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінде жауынгерлер арасында бессайыстан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының чемпионаты өттідеп хабарлайды Қостанай облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Сайдың тасындай іріктелген кіл мықтылар сынға түскен спорт бәсекесіне Қостанайдан бөлек көршілес жатқан Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарынан келген әскери бөлімдерінің құрама командалары қатысты.

Сарбаздар жарыс барысында АК-74 калашников автоматынан ату, дәлдік пен қашықтыққа бағытталған Ф-1 гранатасын лақтыру, түрлі кедергілерді еңсере отырып, 400 метрге жүгіру, бассейнде 50 метр қашықтыққа еркін стильде жүзіп, ақтық сында бес шақырымға жүгіру сияқты сынақтардан өтті.

Бұл – әскери бөлімдердің арасында өтетін дәстүрлі спорттық бәсеке. Жыл сайын осы жарысқа қатысушылардың  бәсекелестіктерінің өсуі көңіл қуантады. Себебі сарбаздардың арасында кәсіби спортшылар көп. Бұл жолы да чемпионатқа қатысушылар жоғары психологиялық ұстамдылық пен  физикалық күйде жақсы дайындықтарын көрсетті, – дейді дене шынықтыру және спорт саласының бастығы подполковник Роман Гришманов.

Сонымен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлімдерге бұйырды. Жалпы командалық есепте I орынды Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімінің құрама командасы иеленсе, II орын Степногорск қаласында орналасқан 3517 әскери бөлімінің құрама командасына бұйырды. Ал үздік үштікті Қостанайдағы 6697 әскери бөлімінің құрама командасы иеленді.

Жалпы үш күнге созылған жарыстың жеңімпазды Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінің саптық алаңында салтанатты түрде марапатталды. Жеңімпаздарға «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор С.Шекарбековтің атынан кубоктар мен сый-сыяпаттар табыс етілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы