2016 жылғы Ақтөбедегі атыста жарақат алған жауынгер баспаналы болды

Ақтөбе, BAQ.KZ. Бүгін Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Махамбет Абисатов салтанатты түрде жеке құрам алдында Әлібек Жетігаринге екі бөлмелі пәтер кілтін тапсырды.

Бұл туралы Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әлібек Жетігаринге екі бөлмелі пәтер кілтімен бірге 7 млн 356 теңгенің сертификатын табыстады. Ақшалай қаражат ерікті түрде Полиция департаментінің жеке құрамынан медициналық мекемелерде оңалту курстарынан өту үшін жиналды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 2016 жылғы маусым айында радикалды топтың «Паллада» қару дүкеніне шабуылы кезінде полиция сержанты Жетігарин Әлібек қару жарақатын алған болатын. Өзінің ерлік әрекеті үшін Ә.Жетігарин «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Сонымен қатар, Полиция департаметінің бастығы Ә.Жетігарин білім алған №13 мектеппен жаңа өскелең ұрпақ бүгінгі күннің батырына қарап, бой түзеп өсуі үшін «Даңқ бұрышын» орнату туралы келісімнің бар екенін де айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы