Жауынгер Артур жеңімпаз

Қостанай, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды қаласындағы  Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімінде өңірлік қолбасшылық аумағы бойынша «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау өтті. 

Аталшыш байқауға Ұлттық ұланның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасы тіл бөлімінің бастығы полковник Әлішер Әбдірәсіл қазылық етіп, қатысушыларға өз бағасын берді.

Бұл байқау жыл сайын өңірлердегі барлық әскери бөлімдерінде тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Біз Қазақстан елінің азаматы болғандықтан, мемлекеттік тілді білу парыз. Ел қорғаушыларының арасында еліміздің тарихын, тілін дамытуда игі істер жасалып жатыр, соның бірі - бүгінгі шара, - деді Әлішер Нұріддінұлы шараның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Айта кетелік, аталмыш іс-шараға СҚО, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарындағы Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің  өзге ұлт, дәлірек айтсақ күрт, орыс, әзірбайджан, өзбек ұлттарының өкілдері қатысты. Солардың арасында Қостанайдың намысын қорғаған қатардағы жауынгер Артур Курбанов мемлекетік тілді жеттік меңгеріп, түрлі сынақтардан мүдірмей өтіп жүлделі үшінші орынға ие болды

Байқау ережелерінің бірі - әрбір үміткер 3 түрлі номинацияға қатыса алады. Байқау таныстыру, көркемсөз шебері, ұлттық құндылықтар жайлы тақырыптар аясында баяндама жасауды болды. Байқау нәтижесі бойынша қазылар алқасының шешімімен 6505 әскери бөлімінің кіші сержанты қарағандылық Владислав Горизанов 1 орын.  Ал жүлделі ІІ орынды Көкшетау қаласынан келген 5510 әскери бөлімінің офицері майор Сергей Астраханцев еншіледі, - дейді 6697 бөлімінің  әскери қызметшісі, байқаудың ІІІ орнын иеленген Қостанайлық ұлан  қатардағы Артур Курбанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы