Жауын-шашын, тұман: 16 наурызға арналған ауа райы болжамы
16 наурызға арналған синоптикалық жағдай мен ел аумағындағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжам жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, республиканың шығысы мен оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.
Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашынның түседі, бұған осы өңірлерде жүруші атлантикалық циклон мен фронтальды бөліктер ықпал етеді, - делінген хабарламада.
Жалпы республикамыз бойынша, синоптиктердің мәліметінше, тұман, желдің күшеюі және көктайғақ сынды ортақ табиғи құбылыс көрініс табады деп күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы