Жауын-шашын, боран, көктайғақ: 24 қарашаға арналған ауа райы
"Қазгидромет" 24 қарашаға арналған ел аумағындағы жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болжамға сәйкес, елдің солтүстігі, шығысы және орталық өңірлерінде ауа райы құбылмалы болып қалады — жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі, солтүстік пен шығыста қатты жауын-шашын күтіледі.
Сондай-ақ солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда жаяу бұрқасын және көктайғақ болжанып отыр.
Қалған өңірлерде күн жауын-шашынсыз өтеді деп күтіледі.
Республика бойынша тұман сақталады, ал солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерінде желдің күшеюі күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Головкинді жаңа қызметімен құттықтады
Келесі жаңалық
Елордада ұлттық құндылығымызды дәріптейтін форум өтті
Өзгелердің жаңалығы