Жатақханада смартфон жарылып, сегіз жасөспірім ауруханаға түсті

Польшаның оңтүстік-шығысындағы мектеп жатақханасында ұялы телефонның аккумуляторы жарылып, салдарынан сегіз жасөспірім ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

China.org дерегіне сәйкес, оқиға түнгі сағат бірге таман болған. Сол сәтте 16 жастағы жасөспірім телефонды қолданып отырған. Жарылыс салдарынан ол қолынан жарақат алған.

Жарылыстан кейін ғимаратты қою түтін басып, жатақханада тұратындардың барлығы толық эвакуацияланғаны айтылды. Тағы жеті жасөспірім өздерін жайсыз сезініп, тексеру үшін ауруханаға жеткізілген. Олардың нақты қандай жарақат алғаны әзірге белгісіз.

Басылым мәліметінше, өрт сөндірушілер бөлмелерді желдетіп, қауіптің жоқ екеніне көз жеткізген соң, эвакуацияланғандардың барлығына бөлмелеріне қайта оралуға рұқсат берген. Жарылыстан кейін өрт шықпағаны да нақтыланған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Жарылған смартфонның маркасы мен моделі жарияланған жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: euneighbourseast.eu
Өзгелердің жаңалығы