Жат ағыммен күреске кешігіп қалған жоқпыз ба? Депутат жауап берді

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи теріс діни ағымдардың жетегінде кеткендермен қалай күресу керегін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ең бастысы – қолданыстағы дін туралы және діни бірлестіктер туралы заңға өзгерістер енгізу қажет. Біз тек заң жолы қалыптасқанда ғана реттейміз. Мұның басқадай амал-айласы жоқ, - деді депутат өз сөзінде.

Ермұрат Бәпи қоғамды да тәрбиелеу қажеттігін сөз етті.

Қоғамды тәрбиелеу қажет – қазақи ұлттық дәстүрімізді. Сол себепті депутаттық сауалымда Үкіметтің алдына дін туралы заңнамаларға өзгеріс енгізу жөнінде сұрау салдым, - деп айтты ол.

Депутат теріс діни ағымды қолдаушылар қандай мемлекеттік құрылымдарда отырғанын айтты.

Теріс діни ағымдарды қолдаушылар Президент Әкімшілігіне дейінгі жерлерде (...жекелеген) бар. Уахабизм ағымын қолдаушылар... Үкіметте де бар. Өкінішке қарай, Парламенттің өз ішінде де бар деп ойлаймын. Сондықтан бұл ағым қоғамды ғана емес, мемлекеттік билікті де біртіндеп жайлап бара жатыр. Бұл біздің мемлекеттік, ұлттық дінімізге аса қауіп төндіретін үрдіс деп айтуға болады, - дейді Ермұрат Бәпи.

Депутат атап өткендей, қазақ мұсылманға келген кезде өзіміздің қалыптасқан мыңжылдық діни дәстүріміз бар. Сол негізде жүруіміз керек. Егер діни негізде өзіміздің ұлттық және мемлекеттік негізімізге соққы бергізетін болсақ, ол біздің болашағымыздың күңгірт болатынын білдіреді.

Депутат Ермұрат Бәпи осы мәселенің маңыздылығын ең алдымен қазақи қоғам түсінуі керегіне айтты.

Халқымызды қоғам арқылы тәрбиелеуіміз керек. Алдыңғы азат ойлы, салқиқалы, салауатты, елдің дәстүрін, тарихын, ұлттық негізін білетін азаматтар (осы жерде - спикер) үлкен мәселелер көтеруі керек. Діни ағыммен күреске біраз кеш қалдық. Бірақ әлі де мүмкіндіктер бар. Қоғамды жайлап бара жатқан мәселемен біз ел болып, ұлт болып қарсы күресетін болсақ, әлі де мүмкіндіктер бар, - деп түсіндірді депутат ойын.

Мәжілімен Ермұрат Бәпи өзі айтқан мемлекеттік қызметтегі азаматтар туралы (діни ағымның жетегінде кеткен – ред.) мәліметтер нақты емес. Ол бұл қауесет сияқты тараған ақпарат екенін айтты.

Еске салсақ, Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи Үкімет басшысы мен ҰҚК төрағасына жолдаған сауал жолдап, Депутаттар да қоғамға салафизм мен арабизацияны енгізуге тырысқанын айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы