"Жат ағымға еліктемейді". Сенатор ұлттық тәрбиені күшейту керегін айтты
Сенат депутаты Руслан Рүстемов жастар мәселесі бойынша Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Технология алға озған сайын жас ұрпақ руханиятымыз бен салт-дәстүрімізге негізделген құндылықтардан алыстап бара жатыр. Себебі біз олар тұтынатын контентті төл руханиятымызға сабақтай алмай отырмыз. Жапонның түрколог ғалымы Наката Иоконың "біздегі ең үлкен миф ол жапон императоры Құдайдан туды деген аңыз. Біз оған тиіспейміз, өйткені ол біздің рухани матрицамыз. Жапония осындай киелі құндылықтардан бастау алады" деген сөзі бар. Біздің қоғамға жетпей жатқаны осы деп ойлаймын", - деді сенатор.
Рүстемовтің айтуынша, қасиетті ұғымдардың бастауы фольклорлық мұраларымызда.
Бұл құндылықтарды балалардың бойына ерте бастан қондыра берсек олар ешқандай жат ағымдарға елікпейтін діңгегі мықты, рухы асқақ тұлға болып қалыптасары сөзсіз. Бұрынырақ отбасы институты берік кезде осы құндылықтарды біз ата-әжемізде жадымызға тоқып өстік. Ал бүгінде бала тұрмақ жас ата-ананың басым көпшілігі бұл құндылықтарды игере алмай отыр. Балының әлем тануға ұмтылатын болмысы бар тұлға екенін ойлау кемшін түсуде,- сенатор Руслан Рүстемов.