"Жасырмаймыз": Ақмола облысының әкімі өңір жайында пікір білдірді
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов облыста үшауысымды мектеп жоқ екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бурабайда IV Ұлттық құрылтайдың аясында тақырыптық секциялар өтті. Секциялар аяқталған соң облыс әкімі журналистердің сұрағына жауап берді.
Биыл Ақмола облысында 9 жайлы мектеп бой көтерді. Сондықтан облыста үшауысымды мектеп жоқ. Оны жақсы жетістік деп айтуға болады. Салынған жайлы мектептер заман талабына сай салынған. Астана, Алматы қалаларында қандай болса, бізде де шағын ауылдарда дәл сондай мектептер. 9 мектептің жетеуі ауылды мекендерде салынды. Ал екеуі облыс орталығында, - деді өңір басшысы.
Облыс әкімі ауылдарда медициналық ғимараттар салынып жатқанын айтты.
Әрине, бәрін дұрыс айтуға болмайды. Кемшіліктер бар. Біз оны жасырмаймыз. Мысалы, дәрігер жетіспейді, - деді Марат Ахметжанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы