2 Мамыр 2024 2024, 10:42 Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

"Жасырған жоқпын". Байжанов өзіне тағылған айыппен келіспейді

Бишімбаевтың сотында сотталушы Бақытжан Байжанов тағылған айыппен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бишімбаевтың сотында сотталушы Бақытжан Байжанов тағылған айыппен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Байжановтың адвокаты 432-бап "Қылмысты жасырып қалу" айыбымен келіспеді.

Жасырып қалды дегенге келіспеймін. Қылмысты жасырған жоқпын, - деді экс-министрдің інісі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекеттік айыптаушы Байжановқа тағылған бір айыптауды алып тастағанын жазған едік.