«Жасыл кеңсе» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Жасыл кеңсе» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Конкурсты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ ұйымдастырды.

Байқау жасыл технологияларды, озық тәжірибенің үздік үлгілері мен экологиялық жауапты ұйымдардың жұмысын насихаттауға бағытталған.

Конкурсқа өтініштер 8 номинация бойынша қабылданды: 
1) Білім беру; 
2) Денсаулық сақтау; 
3) Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор; 
4) Бизнес-құрылымдар; 
5) Кәсіпорындар; 
6) Бизнес және сауда орталықтары; 
7) Қаржы ұйымдары; 
8) Үкіметтік емес ұйымдар.

Байқауға барлығы 100-ге жуық өтінім түсті. Нәтижесінде үздік 26 жеңімпаз анықталды: Павлодар қаласындағы №36 мектеп, Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы, М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы, Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Астана қаласындағы №83 мектеп-гимназия, Ақтау қаласындағы Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университеті және тағы басқа.

Марапаттау рәсіміне Мәжіліс депутаты Елдос Абаканов, Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің өкілі, «Жасыл» экономиканы қолдау және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы