"Жасыл дәліздер" тізбесін үкіметаралық деңгейде бекітуді ұсынамыз - Сұлтанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Иә, қолдау шаралары бүгінгі күні ауқымды. Бірақ экспорттаушыларда техникалық сипаттағы проблемалар да аз емес: кәсіпкерлердің біреуі бюрократиялық кедергілерге, басқалары логистикамен әүре болады және т. б. қиындықтармен бетпе-бет келеді. Наурыз айында біз 24/7 режимінде экспорттаушылар сұрақтарымен және мәселелерімен жүгінетін телеграм-арна құрдық (https://t.me/exportgov). Өткен айларда экспорттаушылардың 600-ден астам мәселесі шешілді. Яғни экспорт жолында 600-ден астам кедергіні алып тастау мүмкін болды. Мысалы, "Лепсинск-Өнімі" ЖШС БАӘ-не 10 тонна бал, "Бегашар Мекен" ЖШС-нің Орынбор қаласына антисептик, Иранға 60 мың тонна астық жеткізу мәселесі пысықталды (біздің етіміздің үлкен партиясын БАӘ-ге жеткізу туралы көктемде айтқан болатынмын), - деп жазды министр.Бақыт Сұлтанов "қолмен басқару" режимінде шешу мүмкін емес проблемалар да бар екенін де айтты.
Бірақ, "қолмен басқару" режимінде шешу мүмкін емес проблемалар да бар екенін мойындау керек. Мысалы, РФ шекарасы арқылы жүк өткен кезде бақылаудағы жүктің өтуі туралы хабарлама назарға алынбайды (жүк туралы деректер біздің елде де, РФ-да да ветеринария саласындағы бірнеше мемлекеттік орган арқылы өтеді: Қостанай қаласындағы ветеринариялық бақылау саласындағы мемлекеттік орган – Қостанай облысының ветеринариялық бақылау саласындағы мемлекеттік орган – ҚР АШМ ветеринарнаиялық бақылау және қадағалау комитеті – РФ Мәскеу қаласындағы ветеринария саласындағы мемлекеттік орган – Россельхознадзордың аумақтық бөлімшелері). Кесірінен шекара бекеттерінде тез бұзылатын тауарлары бар фуралар "Меркурий" (РФ) жүйесінде ветсертификаттың қалыптасуын күтіп тұрып қалады. Ал егер ҚР АШМ Ресей тарапымен бірлесіп ресейлік "Меркурий" жүйесінде ветеринариялық сертификат жасауға мүмкіндік жасап, біздің экспорт үшін 24/7 режимінде фитосанитариялық сертификаттар беру рәсімін цифрлайтын болса, ал өңірлік МКД-і тауарлық-ілеспе құжаттарды алудың барлық рәсімдерін автоматтандыру процестерін іске асырса, онда біз демалыс күндерін есепке ала отырып, күн сайын РФ нарығына өнім (соның ішінде тез бұзылатын өнімдер, мысалы, сүт) жеткізе аламыз, - деді министр.
Министр Қазақстан-Қытай шекарасында шілде айынан бастап азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай аумағына өтуіне байланысты проблема туындағанын айтты.
Қазақстан-Қытай шекарасында шілде айынан бастап азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай аумағына өтуіне байланысты проблема туындады. Біз қазір ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және ҰҚК-мен бірлесе отырып ҚХР нарығына қазақстандық өнімнің өтуіне ғана арналған "Жасыл дәліздердің" тізбесін үкіметаралық деңгейде бекіту жұмысын жүргізуді ұсынамыз. Наурыз айының ортасынан бастап біз бірнеше "қиындық нүктелерін" байқадық, олар тіпті қалыптасқан өткізу арналарының өзін қиындатуда. Солардың бір бөлігін пысықтадық, бір бөлігін жою процесі жүргізілуде, - деп жазды Бақыт Сұлтанов.Ол барлық экспорттаушылар мен сыртқы нарықтарға шығуды ойластырып жүрген кәсіпкерлерді Сауда және интеграция министрлігіне жүгінуге шақырды.
Мен барлық экспорттаушылар мен сыртқы нарықтарға шығуды ойластырып жүрген кәсіпкерлерді Сауда және интеграция министрлігіне жүгінуге шақырамын. Біз шетелдік серіктестермен келісімшарттар жасауға көмек көрсетіп, экспортқа алғашқы шығу кезінде қолдау көрсетеміз, әр түрлі елдерге экспорттаудың ерекшеліктері бойынша кеңес береміз. Және, әрине, қазақстандық шикізаттық емес тауарлар өндірушілерді және сыртқы нарықтарда қызмет көрсетушілерді қолдаудың барлық мәселелері, соның ішінде экспортты қолдаудың тиімді қаржылық шараларын ұсыну арқылы олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту бойынша да кеңес береміз, - деді ол.Естеріңізге сала кетейік, министр биыл сауда және интеграция саласында 755 жаңа жұмыс орны ашылатынын айтқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында вирусқа қарсы препараттар тегін таратылады
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы