Жасыл байлықтың сақшысы: орманшының бір күні

Қазақстанның кең байтақ даласында, көкжелек ормандардың баурайында біз байқамайтын, бірақ өте маңызды еңбек атқаратын мамандық иелері бар. Климаттың өзгеруі, орман өртінің жиілеуі, заңсыз ағаш кесудің артуы бұл тек ғалымдар мен экологтардың ғана емес, орманшыларды да алаңдататын мәселе. BAQ.KZ тілшісі орманшының бір күндік жұмысымен танысып қайтты.

Еліміздегі орман байлығын сақтау жолында мыңдаған орманшы тынымсыз еңбек етіп келеді. Олар табиғаттың күзетшілері, жасыл желектің жанашырлары.

Аумақты аралап, әрбір ағаш пен бұтаның жай-күйін бақылайтын орманшының жұмыс күні қалай өтетінін "Еңбекқор ел" жобасынан көре аласыздар. 

33 жылы орманшы болып жұмыс істейтін Мереке Бекахметов бұл мамандықтың қыр-сырын айтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: коллаж BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы