«Жасыл Астана»: елордада көктемгі экологиялық айлық басталды

Елордада «Жасыл Астана» көктемгі экологиялық айлығы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

«Жасыл Астана»: елордада көктемгі экологиялық айлық басталдАстана қаласы әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша экологиялық іс-шара 6 мамырға дейін жалғасады. 

Ал тұрғындардың, бизнес өкілдерінің, мемлекеттік және басқа да органдардың қатысуымен жаппай жалпықалалық сенбіліктер 15 сәуір мен 6 мамырда өтеді.

Экологиялық айлық аясында қаланы, нөсер және кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарлар мен кварталішілік аумақтарды тазалау, саябақтар мен гүлзарлардағы жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарлар алаңдарын орнату жөніндегі іс-шаралар, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері мен ластанған учаскелерді жою жұмысы жүргізіледі.

Сонымен қатар «Жасыл Астана» акциясы аясында 10 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.

Әкімдік қала кәсіпорындарын, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес субъектілерін, оқу орындарын, еріктілер мен белсенді қала тұрғындарын экологиялық айлыққа қатысуға шақырды.

Айта кетейік, 2022 жылы экологиялық сенбіліктер аясында барлығы 6 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Сол сияқты 29 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 2,7 млн шаршы метр алаң жиналды. Экологиялық акция аясында 266 067 адам қамтылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы