Жастарымыз көп нәрсеге атүсті қарайды – Олжас Сүлейменов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек адамдарын бағалаумыз қажет. Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретіндер көп.

Бұл пікірді Желмая жобасыны қонағы болған Qazaqstan Team Республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі Олжас Сүлейменов айтты.

Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбек туралы айтқанына қатты қуандым. Неге дейсіздерғой, мен өзім «Болашақ» бағдарламасымен оқыдым. Еліміздің қадірін жырақта жүріп түсіндік. Болашақпен оқыған кезде мен 9 жыл Қытайдың Шанхай қаласында тұрдым. Ол жақта сен өзіңнің еліңнің жақсы жақтарымен жаман жақтарын салыстырып отырасың. Бәрімізге мәлім, Қытайда 1,5 млрд-тай халық бар, әрине халқына сай  тұрмысы да ауыр. Алайда, олардың халқының еңбектеніп, талпынатынын көріп мен таңқалатынмын. Жергілікті халық  2-3 жұмыста істеп жүреді, - деді Олжас Сүлейменов.

Ол кейбір кезде орынсыз көршілес өзбек ағайындарымызға көп күлетінімізді айтты.

Ал шын мәнінде қарасақ, олар жұмысты талғамайды, өте еңбеқор келеді. Бізде жүрген ағайындар бар тапқанын отбасына жіберіп отырады. Өзбекстанға барып қалып жатсақ, олар бізді қонаққа шақырады. Сол кезде қандай дәулетке жеткенін көріп таңқаламыз. Айналып келгенде бәрі еңбекпен келеді, - деді спикер.

Айтуынша, тәуелсіздігіміздің қадірін білмейтіндер әлі де көп.

Аға буынға қарап өз басым таңқаламын. Әке-шешеміздің өмірін тыңдасаң, өте қиын болған. Біз қазір тәуелсіз елде тұрып жатырмыз. Көп нәрсе қолжетімді. Өкінішке қарай, жастарымыз көп нәрсеге атүсті қарайды. Терең үңілмейді. Жастар көп ақпарат пен басқа дүниелерді білуі мүмкін, бірақ бір дүниені терең білмейтініне қарап қынжыласың, - дейді Qazaqstan Team Республикалық қоғамдық жастар ұйымының жетекшісі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы