Жастардың жеңіл атлетикаға қызығушылығы жоғары – Айдын Тоқбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді елордалық жас жеңіл атлеттер техникалық жаттығу түрлерімен де шұғылданатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі» директоры Айдын Тоқбаев мәлімдеді.

Директордың айтуынша, астаналық жастарға жеңіл атлетикамен айналысуға  жағдай жасалып жатыр. Спортшыларды жарысқа дайындау үшін мықты бапкерлерді шақырып, жаттығуларын да күшейтуде. 


Осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласында техникалық жаттығу түрлері болған жоқ. Бізде тек жүгіру жаттығулары болатын еді. Биыл техникалық жаттығулар бойынша бапкерлерді жұмысқа алып жатырмыз. Жастардың жеңіл атлетикаға қызығушылығы жоғары. Спорт мектебінде бүгінде 130-дан астам спортшы бала шұғылданады. Енді бапкерлер санын арттыруды жоспарлап отырмыз. Сонда спортшы балалар саны да артады, - деді ол.  


Сондай-ақ Айдын Тоқбаев 2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Жеңіл атлектика спорт кешенінде ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтетінін хабарлады. Ал оған дейін күнтізбелік жоспар бойынша елордада ересектер арасында, жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаттары өтеді. 


Атап өтейік, елорда бойынша 4,5 млн халық 47 түрлі дисциплина бойынша жеңіл атлетикамен шұғылданады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы