Қытай билігі жастардың білім алуына жағдай жасап отыр – профессор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚХР-ның дамуын өзі көрген Бейжің шет тілдер университетінің профессоры Ли Иннань Қытайда бүгінде баспана мәселесін шешу үшін заңнамалық деңгейде қарқынды жұмыс атқарылып жатқанын айтты.
ҚР президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтіп жатқан "Қазақстанның шығыс көршісі. Қытайдың қарқынды дамуы куәгерлер көзімен" ғылыми-практикалық конференциясында Ли Иннань ҚХР халқының қиын күндеріне қысқаша тоқталды.
"70 жылдардың соңында мәдени революциядан кейін Қытайда экономикалық кризис болды. Дәнді дақылдарға, азық-түлік тапшылық болып, бәріміз бірдей өмір сүрдік. Тек арнайы карточкамен алдық. Кейін дүкендерде табиғи өнімдер шыға бастады. Шаруаларға егіннің өнімін сатуға рұқсат берілді. Сөйтіп карточкадан арылып, нарықтық заманға ауысты. Шаруаларға басымдық беріліп, өндіріс қолға алынды. Қаланың өмірі жандана бастады. Мұғалімдердің жалақысы төмен болатын. Ұзақ уақыт бойы қиын кезден өтті. 90-жылдардың ортасына дейін солай болды. Кейін олардың жалақысын көтеріп, жағдайы жақсарды. Анам Мәскеуде өмір сүргендіктен, Бейжің мен Мәскеуді салыстыратын. Алғашқы кезде Қытайдағы 6 қабатты ғимаратқа қарап, "биік үйлері жоқ қандай қала бұл?" деп таңғалатын", - деді спикер.Айтуынша, Қытай көп бағыт жағынан әлемде көш бастап отыр. Халық көп болғандықтан, баспана мәселесі шешуді талап етететін жағдай екенін атап өтті.
"Қазір Қытайдағы зәулім ғимараттар барлық қалада дерлік бар. Олардың архитектурасы мүлдем бөлек. Мұнымен қоса, біз ұлттық дәстүрлі ғимараттарымызды сақтап қалдық... Бұл Қытайда проблема жоқ дегенді білдірмейді. Халық арасында урбанизация жүріп жатқандықтан, қалада баспана мәселесі бар. Өндіріс ошақтары да қолмен жасалатын. Қазір өзіңіз білетіндей, Қытай өнеркәсіп мекеніне айналды. Ал, жылдам жол салу жағынан Қытай әлемде бірінші орында тұр. Транспорттың жылдамдығы да қарқынды дамыды. Қытайда бір қаладан бір қалаға жету әлдеқайда жеңіл әрі тез... Жастардың білімге құштарлығы, олардың сапалы білім алуына жасайтын билік мүмкіндіктері де көп", - деді профессор.Айта кетсек, қазір елордада ҚР президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мемлекеттік қызметшілер алдында "Қазақстанның шығыс көршісі. Қытайдың қарқынды дамуы куәгерлер көзімен" ғылыми-практикалық конференциясында Бейжің шет тілдер университетінің профессоры Ли Иннань Қытайдың даму тарихы мен реформалары туралы, ал оның ұлы Лю Чжэн Қытайдың соңғы 10 жылдағы қарқынды жетістіктері туралы айтып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы