Жастар жылы. Жастар қуатының жаңа жылы мен жаңа қыры

Астана, BAQ.KZ. «Нұр әлем» көрме кешенінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу рәсімі өтті. Осыған орай «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты қоғамдық-саяси бөлімінің бас сарапшысы Татьяна Липина өз ойымен бөлісті.

"2019 жыл – Қазақстан жастары үшін ерекше жыл болып табылады. Оның түп мағынасы – Қазақстанның болашағы тұрғысында жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың болмыс-тұрмысына, ой-пікірлеріне және даму жолдарына оң ықпалын тигізетін шараларды аңықтап тиісті шешімдерді қабылдауы. Жастар бағытында осы жыл және алдынғы жылдарға жоспарланған шаралардың маңызы жоғары екендігі сөзсіз. Онын себебі – Қазақстандағы жастар саясатының сапасы жылдан-жылға қарқындап бара жатса да, жекелеген  кемшіліктері әлі де жастардың жағдайына аурытпалық тудыруда" - дейді ол.

Оның айтуынша жастар арасында қордаланып қалған бірнеше мәселе бар.

"Біріншіден, үй мәселесі. Жоғары оқу орындарын бітірген, жатақханалардан көшіп кеткен түлектер отбасыларын құру алдында үй мәселесінің соңына түседі. Жоғары жалақыларға жастарды шағын жұмыс өтілі жеткізбей тұрған жағдайда, мемлекет осындай жастардың үйге қол жеткізу мүмкіндіктерінің арттыруы шараларын қамтамасыз ету керек. Соның ішінде – бүгінгі Жастар жылын ашылуы рәсімінде Н. Назарбаевпен ұсынылған жастарға жалға берілетін пәтерлер бағдарламасы өзектілер қатарында. Осы бағдарламаның нақты іске асырылуы мен жоғары көрсеткішке қол жеткізілуі қоғамның тікелей бақылауына тәуелді. Екіншіден, сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасау. Біз осы бағытта көп қарастырылмайтын жоғары білім алу процессінің қырына мән бермекпіз. Бұл Казақстанның көптеген жоғары оқу орындарында төмен деңгейдегі студенттердің өзін-өзі басқаруы. Дамыған елдің жоғары оқу орындарында студенттердің өзін-өзі басқаруы жан-жақты қарастырылған. Оқытушылардың біліктілігі, оқу бағдарламарының өзектілігі мен тереңдігі, ЖОО-ның инфрақұрылымы студенттердің ең басты саралауыңдағы мәселе. Біздің елімізде, санаулы университеттерден (НУ, ҚБТУ, т.б.) басқа ЖОО-дағы  студенттер ұйымдардың көбісі тек шығармашылық жағынан дамыған. Осы Жастар жылында сол мәселеге назар аударылу керек, деп ойлаймын" - дейді Татьяна Липина.

Сонымен қатар ол Қазақстандағы Жастар жылы, жастар мәселелерінің мәртебесін ең жоғары деңгейде қарастырылуына, жастардың жасампаз қуатына шексіз мүмкіндіктерінің жасалу кепілі болуына тілектес екенін білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы