Жастар жылы. Жас ұрпақтың өзекті мәселелерін шешуге серпін береді – Тоқаев
Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өз твиттер әлеуметтік желісіндегі парақшасына жастар жылы жайлы ойымен бөлісті.
«Қазақстан жастары білімді, жан-жақты дамыған әрі дарынды. Біздің еліміздің болашағы солардың қолында. Мемлекет басшысы ашқан Жастар жылы жас ұрпақтың өзекті мәселелерін шешуге күшті серпін береді, олардың өзін өзі танытуға мүмкіндік туғызады» - дейді ол.
Сонымен қатар ол Қазақстанның озық ойлы жастары ғылымда, ІТ технологиясында, мәдениет, бизнес пен спортта тамаша нәтижелерге қол жеткізгендігін атап өтті.
«Қабілетті, жігерлі жастарға тиісті жағдай жасап, ынта-ықыласын арттыру керек. Сенаторлар Жастар жылын қолдауға бағытталған жұмыстарға қызу кірісті. 7 ақпанда Сенатта Дөңгелек үстел болады, онда депутаттар мен жастар өкілдері жас ұрпақтың бастамаларын заң жүзінде қолдау мүмкіндіктерін талқылайды» - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.