Жастар жылының ашылуын 25 мыңға жуық ақтөбелік тамашалады

Астана, BAQ.KZ. Астана қаласында өткен жастар жылының салтанатты ашылуын 25 мыңға жуық ақтөбелік жас тікелей эфир арқылы тамашалады. Бұл туралы аktobenews.kz сайты хабарлады.

Аудан орталықтарында, коллдеждер мен жоғарғы оқу орындарында арнайы тікелей эфир ұйымдастырылды.

«Тек көрсетілім ұйымдастырылған жоқ, жаңа ұсыныстар талқыланды. Салтанатты шара барысында ақтөбеліктердің ұсыныстары тыңдалып, соның нәтижесінде бірнеше бағытта өзекті тапсырмалары берілді. Біз жоспарға толықтырулар енгіземіз», - дейді Ақтөбе облысы бойынша жастар саясаты мәселелер басқармасының маманы Нұрсұлтан Елеуов.

Жетістікке жеткен талантты жастардың қатысуымен өткен форумға Ақтөбе облысынан төрт делегат қатысқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы