Жастар өздерін дамытуға көңіл бөлуде - инженер
Алматы, BAQ. KZ тілшісі. Алматы қаласы Жетісу ауданындағы “Нұр Отан” партиясының филиалында “Жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау алу жөнінде қоғамдық қабылдау өтті.
“Нұр Отан” партиясы Жетісу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров жиын барысында биыл Жастар жылы болғандықтан соларға басымдылық беріліп отырғанын жеткізді."2019 жыл Жастар жылы деп жарияланған. Бәсекеге қабілетті ел боламыз десек, жастарымыз білімді, отансүйгіш болу керек. Бүгінгі таңда жастарды жұмыспен қамту үшін көптеген жұмыстар жасап жатырмыз. Жастар бүгінгі жиыннан қай бағытта білім, тәлім алу қажеттігі туралы ой түйеді деген ойдамыз", - - дейді Мұрат Омаров.
"ВагонСервис" ҚБ-нің бас инженері Садуақас Оспанов жастардың білімге деген құштарлығы артып келе жатқанын айтады.
"Бүгін жас кәсіпкерлермен жиын өтіп жатыр. Биыл біз кәсіпкерлік тұрғысында әсіресе жастарға қолдау білдіруді мақсат етіп отырмыз. Біздің мекемеде 900 адам жұмыс істейді, оның 600-ге жуығы Алматы қаласында. Соның 70-80 пайызы жастар. Оқу орынынан білім алып келген жастарға біз тәжірибе жинау жағынан көмектесеміз. Яғни, біліктіліктерін көтереміз. Қазіргі уақыт бір орында тұрмауды, үнемі дамып отыруды қажет етеді. Бір қуантарлығы жастар әрдайым ізденіп, өздерін дамытуға көп көңіл бөледі", - дейді бас инженер.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтауда дирижерлер байқауы өтіп жатыр
Өзгелердің жаңалығы