Студенттер өзін тапсырыс беруші, ұстазды қызметші ретінде көреді – ұстаз
Тараз, BAQ.KZ тілшісі. "Педагог мәртебесі туралы айтқанда, ең бірінші ойыңа өзіңнің мектептегі аяулы мұғалімдеріңнің бейнесі елестейді. Шын мәнінде олардың әрқайсысы үлкен тұлға еді. Тіпті, бүкіл ауыл тұрғындары сыйлайтын", дейді тараздық тәжірибелі ұстаз, бүгінде жеке білім беру ісімен айналысатын Жазира Тоқабаева.
Қазіргі күні өзім де ұстаздықпен айналысып жүргеннен кейін әрі балаларымыз мектепке барғалы мұғалімдермен тікелей байланыста болғандықтан олардың мәртебесі төмендеп кеткенін байқаймын. Оған көптеген фактор әсер еткен сыңайлы. Біріншіден, ауылдық жерде мектептен басқа жұмыс орны жоқ, сондықтан түлектердің көпшілігі осы саланы таңдайды. Дипломның көбі сырттай бөліммен аяқталған немесе екінші мамандық түрінде оқып алынған. Екіншіден, білім гранттарын ұтып алу мақсатында педагогикалық саланы амалсыз таңдайтын жастар да бар. Бір істі қолға алғанда, үдесінен шығатындай етіп жасаса, бәсекеге қабілетті, қызықты болмай ма?, - дейді педагог.
Оның пікірінше, жастар мамандық таңдағанда, дәлірек айтсақ ұстаз болғысы келсе, бабымен келгені дұрыс. Ал орта арнаулы және жоғары оқу орындарындағы ұстаз мәртебесінің проблемасы бір төбе.
Көбінесе, ақылы оқуға келген білімгерлердің нарықтық заман талабына сай ойлау қабілетінің өзгеруі де әсер ететін сияқты. Тапсырыс берушінікі қашан да дұрыс деген нарықтық экономиканың басты заңдылығына сүйенгенБілікті мұғалімнің айтуынша, "Педагог мәртебесі" туралы заңның маңыздылығы да сол, онда осындай проблемалар қамтылған. Заңның басты төрт бағыты ұстаздардың құқықтарын кеңейтуді, басқа жұмыстан босатуды, мұғалім қызметінің талаптарының күшеюін, материалды емес, стимул тетіктерін және материалдық ынталандыруды көздейді.
студенттер қазір өзін тапсырыс беруші, былайша айтқанда, "клиент" сезініп, ұстазын өзіне қызмет етуші ретінде көріп бара жатқаны да жасырын емес. Сонымен қатар білім беру орындарындағы қағазбастылық та ұстаздардың көп уақытын білім беруге емес, құжаттарды талапқа сай ретке келтіруге жұмсатады, - деді Ж.Тоқабаева.
Дамыған мемлекеттердің барлығы да бала оқыту, ұрпақ тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қойып, бір жүйеге келтірген. Ендеше, әр ұстаз өз шәкіртін еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын болашағы ретінде тәрбиелеу үшін барын да, жанын да салуы керек, - деді педагог.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 636 адамға жетті
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы