Жастар ресурстық орталықтарына арналған семинар өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің аясында өңірлік жастар ресурстық орталықтарына арналған республикалық семинар-тренинг өтті.

Онлайн форматта өткен семинар-тренингке Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардан 30-дан жастар ресурстық орталықтарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Аталмыш шарада Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет және "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аян Сакошев қатысушыларға лебіздерін білдіріп, семинардың маңыздылығын атап өтті.

Семинар-тренингтің мақсаты – өңірлік жастар ресурстық орталықтарының жұмыстарын үйлестіру, пікір алмасу арқылы басшыларының өзара байланыстарын күшейтіп, осы орталықтардың құзыреттіліктерін арттыру, - деді Аян Сакошев.

Айта кетейік, Мемлекеттік жастар саясаты мектебі – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында жүзеге асып жатқан бірлескен білім беру бағдарламасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы