«Жастар – Отанға!». 2025 жылға дейінгі «Жол картасы» бекітілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Nur Otan" партиясы астаналық филиалының төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен қалалық партия филиалының Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті.

Онда 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру бойынша елордалық "Жол картасы" бекітілді

Жол картасы аясында жастарды қолдау бойынша келесі жүйелі шаралар қабылданатын болады:

- азаматтық белсенділікті арттыру, волонтерлік қызметті дамыту, "Astana-Adaldyq Alany" жобалық кеңсесіне қатысу, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жас азаматтар мен NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге бағытталған Жастар бастамаларын іске асыру;

– сапалы білім беру, жыл сайын ТжКБ ұйымдарында және 300 ЖОО-да педагогикалық мамандықтар бойынша 800 білім грантын бөлу, дуалды білім беру бағдарламасын іске асыру, студент жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша "Таза сессия" акциясын өткізу;

- жастарды жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту. "Жасыл ел" және "қоғамдық жұмыстар" бағдарламалары шеңберінде жыл сайын 2 мыңнан астам жас адам маусымдық және қоғамдық жұмыстармен қамтылатын болады, жыл сайын 3 мың жасты кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге гранттар беру көзделген, "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталықтарының жұмысы форматында консультациялық-ақпараттық көмек көрсету;

- жас отбасыларды қолдау және Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Жол картасы аясында жұмыс істейтін жастарға арналған "Елорда жастары" қалалық тұрғын үй бағдарламасын іске қосу, жас отбасыларды қолдау жөніндегі "Бақытты отбасы" жобасын іске асыру, "ОТБАСЫ - БАҚЫТ МЕКЕНІ" Неке және отбасы институтын нығайту жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру көзделген;

- жастардың жеке дамуы және бос уақыты. Жол картасында қала шетінде тұратын балалар мен жасөспірімдер үшін жаңа 15 аула клубын ашу, спорт алаңдарын, Workout алаңдарын жайластыру, "Жастар "сарайы" базасында Жастар үйін құру, базарларда жастарға консалтинг жүргізу бойынша "Кеңес орталығы" жобасын іске асыру, жастар арасында суицидтің алдын алу және оны болдырмау жөніндегі іс-шаралар кешенін қабылдау көзделген.

5 жыл ішінде жол картасын іске асыру барысында қолдау шараларымен 180 мыңнан астам жастар немесе қала жастарының жалпы санының 76%-ы қамтылатын болады. Жалпы, елордада 14-29 жас аралығындағы 225 мыңнан астам жас тұрады. 16 жоғары оқу орны мен 34 колледж қызмет атқаруда. 80 мыңға жуық студент білім алып жатыр. Өңірлік Жол картасын жүзеге асыру барысы партияның қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының ерекше бақылауында – деді филиал төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы