Жастар күніне арналған ұлттық онкүндіктің алғашқы күні 256 тонна қоқыс жиналды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен жастар күніне арналған ұлттық онкүндік басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ел бойынша 13 500 белсенді жас саябақтарды, өзендер мен көлдер жағасын, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандардың аумақтарын тазалауға және абаттандыруға қатысты.
Жұмылған жастар жалпы 600 гектарға жуық аумақты тазалап, 256 тонна қоқыс жинады. Атырау облысында акцияға қатысушылар 3000-ға жуық балық шабақтарын құтқарып, Жайық өзеніне жіберді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Қазақстанда Жастар күні 10 күн аталып өтіледі. Онкүндіктің әр күнінің өз тақырыбы бар. 4 тамыз өзін-өзі дамытуға, көшбасшылыққа және кәсіби дамуға ынталандыру күні.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда алты жасар бала екінші қабаттан құлап кетті
Келесі жаңалық
Ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Өзгелердің жаңалығы