«Жастар бірге – пластик бөлек» қонкурсының жеңімпаздары анықталды

Бүгін елордада ЖОО арасында өткен «Жастар бірге – пластик бөлек» форумы аясында өткізілген конкурстың жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Форум аясында жоғары оқу орындарының базасында пластикті жинау мен өңдеудің тұрақты моделін құруға бағытталған «3.2.1.Баста!» әлеуметтік жобасының 8-маусымының қорытындысы шығарылды. Жобаға қатысуға еліміздегі 11 ЖОО өтініш білдірген.

Жобаның негізгі мақсаты ЖОО студенттерінің экологиялық санасын, экологиялық жауапкершілігін арттыру. Сонымен қатар пластикті сұрыптау, қайта өңдеуді үйрету. Қатысып жатқан ЖОО-ға тегін арнайы қағаздан жасалған қоқыс жәшіктерін орнаттық. Сол жәшіктерге тек қана пластик жинады. Қай ЖОО көп пластик жинайды, сұрыптау бойынша қандай тың идея ұсынады сол жеңімпаз деп танылды, - дейді «Жасыл экономиканы қолдау G - Global-ды дамыту коалициясының менеджері Асыл Оқапова.

Конкурс аяқталғанға дейін 17 тоннадан астам пластик жиналған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы