Жастар аязда көше тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық шай мен бауырсақ таратты

Семей қаласында жастар аязда көше тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық шай мен бауырсақ таратты, деп хабарлады BAQ.KZ.

Қазір Абай облысында қатты аяз болып тұр. Оның ішінде Семейде ауа температурасы 35 градусқа дейін төмендеген. Осыған орай Шәкәрім атындағы университеттің жастары «Шәкәрім шапағаты» акциясын өткізді. Соның аясында аязда көше тазалап жүрген жұмысшыларға ыстық шай мен бауырсақ таратылды.

Аязда еңбек етіп жүрген көше бойындағы техникалық қызметкерлердің еңбегін жоғары бағалаймыз. Себебі күннің суығына қарамастан жұмысына адал азаматтар әрқашан жастарға үлгі, – дейді жоғарғы оқу орнының студенттік парламент спикері Мерей Сырымұлы.

Оның айтуынша, акция алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: inform.kz
Өзгелердің жаңалығы