Жастар арасында КВИ жұқтыру 35,5%-ға дейін көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау жөніндегі 40 мониторингтік топ жұмыстарын жалғастыруда. Бұл коронавирус инфекциясының жаппай тарауына әкелуі мүмкін эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын болдырмау үшін қажет.
Биылғы 28 сәуірден 29 сәуірге қараған түні белгіленген шектеулердің 13 рет бұзылғаны анықталды. Анықталған бұзушылықтар арасында: Медеу ауданында «Бармаглот» бары жұмыс істеген, онда 100-ге жуық адам болған; Медеу ауданында «Мята» лаундж бары жұмыс істеген, онда 60-қа жуық адам болған.
2021 жылы 20 наурызы мен 29 сәуірі аралығында белгіленген шектеулердің 714 бұзушылығы анықталды. Анықталған нысандардың жалпы санынан – 492-сі мейрамхана, дәмхана және дүкендерге, 93-і компьютерлік клубқа, 15-і бильярд клубына, 43-і СПА-салонға, 26-сы саунаға, 2-уі кальян барына, 20-сы караоке клубына, 9-ы лото клубқа, 1-уі букмекерлік кеңсеге, 15-і түнгі клубқа жатады. 3288 адамға әкімшілік жауапкершілік туралы хаттама толтырылды.
Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің санитарлық нормаларды және белгіленген жұмыс режимін сақтау жөніндегі талаптарын нысандар:
- Әуезов ауданында «The one» компьютерлік клубы жұмыс істеген, онда 40-қа жуық келуші болған;
- Медеу ауданында «Оазис» дәмханасы жұмыс істеген, онда 30-ға жуық адам болған;
- Алмалы ауданында «Береке» дүкені;
- Бостандық ауданында «APPLE CITY» шағын маркеті;
- Әуезов ауданында «Мята» лаундж бары жұмыс істеген, онда 60-қа жуық келуші болған;
- Әуезов ауданында «Дос» компьютерлік клубы жұмыс істеген, онда 60-қа жуық келуші болған;
- Медеу ауданында «Bacha» түнгі клубы жұмыс істеген, онда 70-ке жуық адам болған;
- Алмалы ауданында «Мята» дәмханасы жұмыс істеген, онда 50-ге жуық адам болған;
- Медеу ауданында «Френдли» түнгі клубы жұмыс істеген, онда 50-ге жуық адам болған.
Алматы әкімдігі карантин шараларын – бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауды жалғастыруға шақырады. Эпидемиологтардың мәліметтері бойынша, бүгінгі күні Алматыда 20-39 жас аралығындағы жастар арасында КВИ жұқтыру анағұрлым жоғары, онда аурумен сырқаттану 34,8%-дан 35,5%-ға дейін көбейген. Осыған байланысты, қала тұрғындары барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды күшейтуі қажет. Мегаполисте COVID-19-ға қарсы вакцинация жүріп жатыр: міндет – Алматы халқының 60-75%-ында ұжымдық иммунитет қалыптастыру. 18 жастан асқан барлық тұлғаларды егу пунктінен тегін вакцина алуға шақырамыз, Алматыда олардың саны бүгінде 200-ден астам.