Жастар арасында ауыр атлетикадан әлем кубогі өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Перу астанасын Лимада ауыр атлетикадан онлайн әлем кубогі өтуде. Жастар арасындағы бәсекеге Қазақстан командасы да қатысып жатыр. Алғашқы жарыс күнінде қазақстандық Абылай Әуелханов топ жарған болатын, деп хабарлады Olympic.kz.
Бәрі біз жоспарлағандай өтті. Біздің спортшымыз алты мүмкіндігін де сәтті пайдаланды. Серпе көтеру қорытындысы бойынша Абылай үшінші орында тұрған болатын. Кейін жұлқа көтеруде барлық қарсыласынан озып, әлем кубогінің алтын жүлдегері атанды. Қарсыластар да ең соңына дейін беріскен жоқ. Серпе көтеруден кейінгі нәтижеге қарап-ақ, спортшылардың бұл додаға үлкен дайындықпен қатысып жатқанын байқаймыз. Тағы да жүлде аламыз деген үмітіміз бар. Бапкерлер мен спортшылар ырымшыл халық қой. Сол себепті, болжам жасап, алға озбағанымыз дұрыс, - дейді команданың аға бапкері Дмитрий Чурсин.
Айта кетелік, кеше сынға түскен Азамат Төлеген 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орынға табан тіреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы