Жастар 120 мың теңге айлыққа жұмыс істегісі келмейді - Еңбек министрі

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова МӘМС жүйесіне тіркелмеген 3 млн қазақстандыққа туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 3,3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған екенін мәлімдеген еді. Олар - өз бетінше жұмыспен қамтылғандар, тұрақты табысы жоқ, әлеуметтік мәртебесі расталмаған азаматтар.

БАҚ өкілі Еңбек министрі Светлана Жақыповаға « МӘМС-ке тіркелмеген 3 млн адамға жұмыс тауып беруге мүмкіндік бар ма? Үкімет бюджетінде ақша бар ма?» сұрақ қойды.

Биыл 9 айдың ішінде 941 мың азаматты жұмысқа тұрғыздық. 3 млн деп айтып отырғандарыңыз өздерін өздері жұмыспен қамтып отырған азаматтар да сол санатта бар. Біз мемлекет тарапынан беріліп отырған соммаларды айтар болсақ, оңтүстіктен солтүстікке көшу үшін, жұмыс орнын ашып соған жұмысшыларды қабылдау үшін мемлекет тарапынан 10 млрд теңге беріліп отыр. Сондықтан азаматтар өздері талпынып жұмыс істеймін десе, жұмыс бар, - деді ведомство басшысы үкіметте өткен баспасөз мәслихатында. 

Ол қазіргі таңда жұмыс берушілер жұмысшыларды таба алмай отырғанын айтады. Сондай-ақ Жақыпова (Шымкент, Түркістан қаласы) жастардың 120 мың теңгеден жалақысы кем болса жұмысқа тұрғысы келмейтінін де атап өтті.

БАҚ өкілі "Сіз, 120 мың теңгеге жұмысқа тұрар ма едіңіз?" деп сұрады.

Мен 120 мың теңгеге де жұмыс істедім. Қазір өзіңіз біліп отырсыз, - деп жауап берді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы